Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің ұйымдастыруымен азаншылар арасында арнайы сараптау шарасы өтті. Бұған Көкшетау қаласындағы барлық мешіттердің жамағаттары қатысты.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің найб имамы Рахметолла Оразұлы бұл сараптаудың маңызы туралы айтып берді. Ол намаз алдында айтылатын азанның мәтіні мен әуезі дұрыс жеткізілуі аса қажет екендігін атап көрсетті.
Бұл жолы барлығы 15 адам сараптаудан өтіп, өздерін жақсы қырларынан танытты. Мешіт ұйымдастырған шараның ең басты мақсаты азаншыларды жарыстыру емес, осындай шариғат мәтіндерін жатқа айтатын адамдарды таңдап, оларды болашақта азаншылыққа баулу болып табылады.
Қазір іріктелуден өткен шәкірттер мешіт жанында арнайы білім алып, келешекте мешітке азаншылыққа тағайындалатын болады. Сондықтан, бұл шараның тағылымы зор деп ойлаймыз.
Бақыт СМАҒҰЛ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2014
3207
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру