Қасиетті дініміздегі күллі мұсылман үшін мерейлі мереке - Құрбан айт.
Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат қала имамдарымен жиналыс өткізді. ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан Малғажыұлы хазреттің 2014 жыл дін мен дәстүр жылы деп, жариялануына байланысты, ел мұсылмандары үшін мемлекеттік мәртебе берілген Құрбан айт мерекесінің кеңінен халықтық сипат алуына жағдай жасау. Ұлық мерекені дәстүрлі құндылықтарымызбен байланысқан қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық спорт ойындар, қазақша күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды сайыс өткізу. Қазақи дәстүр бойынша киіз үйлер тігу. "Құрбан айт құтты болсын!" акцияларын өткізу. Жетімдер мүгедектер үйлеріне қайырымдылық шараларын жасау сынды мерекенің мазмұнын байытып, халқымыздың жүрегінен орын алатындай жоғары деңгейде өткізу жайында белсене атсалысуға шақырып, жиылған имамдарға тапсырмалар берілді.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2014
3211
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру