Бес парыздың бірі – қажылық сөздiкте: «қасиеттi жерге баруды ниет ету» дегендi бiлдiреді. Ал шариғаттағы мағынасы: Мекке қаласында болып, бекiтiлген ихрамға кiру, қағбаны жетi айналып тәу ету, Сафа мен Маруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiну ләзiм.
Міне, биылғы қажылық маусымы да жақындап келеді. Осыған орай «Иманғали»орталық мешітінде қажылыққа аттанғалы жатқан жергілікті бір топ жамағатқа арнайы ақ дастархан жайылды. Бұрын-соңды болмаған бұл шараның ұйымдастырылуына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров мұрындық болды.
Дастархан басында өкіл имам Б.Берденұлы қажылық ғибадатының дұрыс орындалу шарттарына кеңінен тоқталып, қасиетті сапарға ниет еткен ағайындарға сәт-сапар тіледі.
Биылғы жылы Атырау өңірінен 80-ге жуық адам үлкен қажылық парызын орындауды ниет етіп отыр. Айта кетерлік жайт, қажылық сапарға ниет етушілердің саны жыл санап өсіп келеді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2014
3301
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру