Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа ғимараттың іргетасы қаланды

15.09.2014 3802 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жанынан екі қабатты жаңа кешен салынбақ. Бұл маңғыстаулық жамағаттың көптен күткен жаңалығы болатын. Өйткені мешіт имамдарын оқытуды Маңғышлақ мешітінде жүргізу мен облыстан жиналған шәкірттерді еліміздегі медреселерге дайындау ісі қиындық тудырып келе жатқан.  Дін жанашырларының көмек қолын созуымен жаңа нысанды көтеру ісі қолға алынды. 

Осыған орай, бүгін облыс имамы С.Сейтбеков бастаған мешіт жамағаты жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімін өткізді. Игі істің бастамасын ақсақалдардың батасын алумен және құрбандық шалумен бастауды ниет еткен өкіл имам С.Сейтбеков жиналғандарды салынғалы жатқан жаңа нысанның жобасымен таныстырды.  Ені 14.40 ұзындығы  26  метрді құрайтын жаңа ғимарат ішінде 25 балаға арналған орын, 2 сынып,  ұстаздарға арналған 3 үй, 30 адамдық асхана, 20 орынды жатақхана, компьютер кабинеті, кітапхана,  3  қонақ үй бөлмесі бар. Екі қабатты жаңа нысан пайдалануға берілсе мешіт имамдарының біліктілігін көтеретін оқулар және республикалық медреселерге шәкірт дайындау жұмыстары жүргізілмек.  

Аллаға тәкбир айтып, қуанышты хабарды бірге бөліскен мешіт жамағаты төл дініміздің өркендеп, дінге қызмет ететін шәкірттердің  көбеуіне тілектестік білдірді. Өкіл имам Құран оқып, мешіт ақсақалы Лепес қажы бата жасады.  

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру