Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың қолдауымен Ақжайық өңіріне діни танымдық кітаптарын сыйға тартты.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен Дәстүр» жылына орай жасалып жатқан игі істерінің бірі. Жас ұрпаққа асыл дініміздің құндылығын насихаттайтын, салт-дәстүріміздің мол мұрасын жеткізетін, ақжайық жұртының діни сауатын арттыруға, жалған ағымға тосқауыл болатын, сарқылмас қазынамыз кітаптар екені анық.
ҚР-сы Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген «Дін мен дәстүр», «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары», «Дін тазалығы 4-том», «Апатқа апарар үш індет», «Исламдағы бала тәрбиесі», «Қазақ ойшылдары дін туралы», «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы 111 сұрақ», «Дәстүрлі дін және қазақ салты», «Исламская философия: новый взгляд», «Жұмақтың кілті жаныңда», «Уважение к родителям», «Ислам ғылымхалы», «Кемелдік кілті», «Хадис-ғұрпымыз, сүннет-салтымыз», «Құран кімнің сөзі», «Матуриди ақидасы», «Ислам және ғылым», «Тағылым тамшылары», «Жанұя жарасымы», «Саңлақ сахабалар», «Хикмет-ғұмыр», «Пайғамбарлар тарихы» т.б. атты кітаптарын сыйға берді. Мешітке келетін барша жамағаттар білімнің нәрімен сусындап, ата-анаға, ағайынға жақсылық жасайтын, қазақ еліне аянбай қызмет ететін білімді, иманды ұрпағымыз көп болсын!
Ораза айтта 17 800 дана кітабын таратылса, Алла қаласа Құрбан айт мерекесінен, жыл соңына дейін 38 300 дана кітабын жамағатқа тегін тарату ниетте.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2014
3282
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру