Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Миялы халқына әсер берген конференция

15.09.2014 3743 0 пікір

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері» атты аудандық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Мансұров, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Е.Шохаев, облыстық Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының» басшысы Ж.Есенғалиев, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, профессор С.Қапизов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының төрағасы, исламтанушы Е.Әміре және теолог Е.Алпысбаев, А.Аташев, Қ.Жұмағұлов қатысты.

Конференцияда «Жастардың діни сауатын арттыру қоғамда толеранттылық ұғымының берік орнығуына жол ашады» және «Теріс діни ағымдардың алдын-алу – бүкіл халықтық іс» тақырыбы сөз болды. Облыстық Дін істері басқармасы және Қызылқоға аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген шарада ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров «Жат ағым бірлікке емес, бүлікке алып барады» тақырыбында баяндама жасады. Ақпараттық-насихат топ мүшелері, округ әкімдері, «дінтану» пәні мұғалімдері және жастар өз ойларын ортаға салды. 

Сондай-ақ, Қызылқоға ауданына жасаған іс сапары барысында өңірдің өкіл имамы Б.Берденұлы «Бәйтерек» мешітінде болып, жұма намазын өткізді. Сонымен қатар белгілі теолог Е.Әміре, Е.Алпысбаев, Қ.Жұмағұлов мешіт жамағатымен кездесіп, көкейтесті сауалдарына жауап берді.

«Иманғали» орталық 
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру