Жастар – еліміздің болашағы. Сондықтан да олардың тәлім тәрбиесі әлеуметтің әрбір мүшесіне ортақ міндет. Осы орайда бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің студенттері Алматы орталық мешітіне экскурсияға шақырылды. Мешіттің үлкен залында жастарға мешіт тынысы таныстырылып, оның Исламдағы мәні мен маңызы жайында уағыз айтылды. Дін мен дәстүрді ұштастыра ілім алсын деген ниетпен «Хадис ғұрпымыз, сүннет салтымыз» атты кітап тегін үлестірілді.
Артынан ерлер және қыздар тобы бөлініп, орталық мешіт ниаб имамы Қасымалиев Бахтияр және ұстаз Бухарбаева Эльмира жастарға Ислам құндылықтарынан тәлім-тәрбиелік маңызы бар дәріс оқыды. Жастар мешіттен жақсы әсер мен рухани нәр алып қайтты.
Ахмад ибн Ханбалдың «Мүснәдінде»: «Алла тағала нәпсісіне берік жасқа разы болады» делінген. Мән беріп қарар болсақ, ислам хадисшілерінен жеткен хадистерде нәпсісіне берік ақсақал немесе жігіт ағасы туралы, болмаса олардың Аллаға бойұсынғаны жайлы айтылмайды. Барлығы да жалынды жастық шағында Жаратқанға жалбарынғандарды үлгі етеді. Жыл бойы жағасы жайлауда жүрген студенттің сессия жақындағанда ғана кітап үңілгенімен, білімі мардымсыз болатыны бесенеден белгілі. Сондықтан да, нәпсісін жастайынан тиғандардың ойы тұнық, уақыты берекелі, сабақ үлгерімі де жақсы болары анық. Бәрі де мешіттен басталады...
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.09.2014
3374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру