Құрбан айттың қарсаңында облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлының қолдауымен «Топан» ЖШС-нің директоры Харчев Владимир Георгиевичтің демеушілігімен Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесіне саябақтың құрылыс жұмыстары жүріп, ел игілігіне берілді.
Саябақтың құрылысы бір ай көлемінде жасалды. Онда орындықтар, су бұрқағы, түңгі жарықтар орнатылды. Бұл мекемеде үлкен адамдар болғандықтан келген ұлдары, бауырлары мен туысқандарымен еркін әңгімелесіп, таза ауада тыныстап отыруына оңтайлы іс толды.
Руслан Тыныштықұлының бастамасымен құрылыс жұмысына 7 000 000 (жеті миллион) теңге көлемінде қаражат жұмсалып, осындай иманды азаматтарымыз көп болып, Алла Тағала екі дүниенің бақытын сыйласын, -деп ақ батасын берді мекеме басшысы Амангелді Ғазисұлы.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.09.2014
3555
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру