Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешіттері ІІІ тоқсанды қорытындылады

11.09.2014 3260 0 пікір

Маңғыстау облыстық мешітінде 2014  жылдың ІІІ тоқсан есебін қорытындылауға арналған жиналыс өтті.  Қала, аудан имамдарының басын қосқан жиында өкіл имам күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, имамдардың тоқсандық кіріс шығыс есебіне талдау жасады.

Өкіл имам С.Сейтбеков имам молдаларға төрт бағыт бойынша , яғни, уағыз, қайырымдылық, сәләфтармен жұмыс және сауат ашу курстары жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Сондай ақ, отырыста ҚМДБ ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан онлайн дәрістерді мешіт жамағатына қосып беру, жаңа пәтуаларды дер кезінде сайттан алып, мешт ақпарат тақтасына ілу, газет пен журналға жазылу секілді маңызды жайттар сөз етілді.

Өкіл имам жиын барысында алдағы келе жатқан ұлық мереке Құрбан айтта атқарылатын шаралар легімен таныстырды. Айт мерекесін жоғары деңгейде өткізу жоспарлары мешіт имамдарымен бірге талқыланып, Құрбан айтқа байланысты Бас мүфтидің тапсырмасы толыққанды орындалуы талап етілді.

Қала және аудан имамдарына жауапкершілік жүктеген жиналыста өкіл имам тапсырмаларды нақтылап,  жаңа оқу жылының басталуына орай насихат жұмыстарын одан әрі күшейте түсуге баса назар аудару керектігін айтты. 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру