Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылар діни сауатын ашуда

11.09.2014 3069 0 пікір

Биылғы қажылық айы жақындауына байланысты Маңғыстау облыстық орталық мешітінде аймақтағы қажылардың діни сауаттылығын көтеруге бағытталған сауат ашу курстары өткізілуде. Аптасына 2 рет, сәрсенбі күні облыстық мешітте, жексенбі күні Атамекен ауылдық мешітінде өткізілетін сабаққа қажылыққа алғаш барғалы отырған немесе умраға барып келіп, үлкен қажылықты ниет етіп жүргендер қатысуда.

Қажылық кезінде жасалатын рәсімдер, дұғалар т.б. орындалуға тиіс амалдармен таныстырып, оқытып жатқан Атамекен ауылдық мешітінің ұстазы Юнус Асга сабақ үйренуге келушілердің саны көбейіп жатқанын айтады.

Биылғы үлкен қажылықты ниет етіп отырған маңғыстаулықтардың саны шамамен 150 адамды құрап отыр.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру