Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Суицидтің емі - Исламда

10.09.2014 3810 0 пікір

Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының жергілікті ақпарат насихат тобына бекіткен имамдары рухани ағарту бағытындағы іс-шараларды аймақта кеңінен атқаруда. Әрбір кездесуде маңызды деген тақырыптар назарға алынып, қоғамдағы кездесіп жатқан келеңсіз жайттардың алдын-алу турасында насихаттар жасалады.

Осы орайда Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайролла Қарағанды қалалық ІІБ-да құқық қорғау қызметкерлерімен өткен кездесуге қатысты. Наиб имам «Өз-өзіне қол салудың күнәсі» тақырыбында уағыз насихат жүргізіп, оның екі дүниедегі ауыр күнәсі мен алдын-алу жайлы уағыз айтты. Қатысушылар да өз тарапынан осы және өзге де сауалдарына толыққанды жауап алды.

Қарағанды облысының орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру