ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қала имамдарының басын қосып, жиын өткізді.
Күн тәртібінде өзге дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде кеткен бауырлармен жұмыс жасау;
- мешіт тарапындағы уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру;
- қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу;
- діни сауат ашу курсын ілгерілету;
- жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс жасау;
- қажылық сапарына баратын адамдарға қажетті ақпараттар мен бағыт-бағдар беру жайы талқыланды.
Сонымен қатар, өкіл имам Б.Берденұлы дін қызметкерлеріне артылар жүктің жеңіл емес екенін айта келіп, алда атқарылар жұмыстарға ықтияпен қарауға шақырды. Сондай-ақ, халыққа жасалып жатқан түрлі қайырымдылық шаралардың кезекті науқан шеңберінде қалмай, аз болса да оның жалғасымды болу керектігін атады. Жиын соңында қала имамдарына біршама тапсырмалар жүктелді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.09.2014
3465
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру