Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Политехникалық колледждегі кездесу

09.09.2014 3450 0 пікір

Аягөз қалалық политекхникалық колледжінде отбасы күніне байланысты «Отан отбасынан басталады» атты тақырыпта кездесу өткізілді.  Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Сайфуллин Думан Нәдірұлы, аудандық жастар орталығының директоры Ибраев Саят Жанатұлы, әділет басқармасының бас маманы Тлеужанова Алмагүл Амангелдіқызы,  әділет басқармасы АХАЖ бөлімінің бас маманы Елеуова Нургүл Қадірқызы қатысты.

Кездесу қонақтары колледж студенттеріне отбасылық өмір, ата-ананы құрметтеу, отбасылық өмірге дайындалу сыңды түрлі тақырыптар бойынша баяндама оқып, слайдтар көрсетті. Мешіттің наиб имамы Думан Нәдірұлы «Исламдағы отбасы құндылығы» атты тақырыпта сөз сөйлеп, студенттерге асыл дініміз Исламдағы отбасының қадір қасиеті жайында жан-жақты түсіндірді.

Колледж мұғалімдері мен студенттері алдағы уақытта да осындай мәнді де мағыналы кездесулер өз жалғасын тапса деген ізгі ниетпен келген қонақтарды шығарып салды. 

Аягөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру