Ақмола облысы Степногорск қаласының «Паң Нұрмағамбет» мешітінің имамы Қ.Сәбит Степногорск қалалық Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің алдында Суицидке байланысты дәріс оқыды.
Мешіт имамы: «Суицид – сөзі латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретінін және өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналғанын атап өтті. Сонымен қатар мұсылман мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа тән екенін және жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар», – деп атап көрсетті.
Іс-шара барысында жастар мен жас өспірімдер арасында суицидтің алдын алу және осы аталған келеңсіз жағдайға байланысты түсіндіру жұмыстарын жандандыру мәселесі талқыланып, тиісті барлық ұйымдар мен мекемелер бірлесіп, жан-жақты жұмыстар атқару қажеттігі аталып өтті. Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алда атқарылатын іс-шаралар жөнінде келісілді.
«Паң Нұрмағамбет» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.09.2014
3764
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру