Семей аймағының өкіл имамы Максат Қуанышбекұлының бастамасымен Семей қалалык мешіттер арасында жолдастық кездесу өткізілді.
Салауатты өмірді насихаттау мақсатында қаламыздағы «Даланбай» мешітінің жанындағы футбол алаңына мешіт қызметкерлерімен қоса мешіт жамағаттары бірігіп сегіз команда ойынға қатысты. Ойын қызықты да тартымды өтті, ойын соңында жеңіске жеткен командаларға жүлделі сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда бірінші орынға «Даланбай» мешіті, екінші орынға «Төкеш» мешіті, үшінші «Намазхана» ие болды. Осы ойынға 2014 «Қазақстан барысын» жеңіп алған Мұхит Тұрсынов бауырымызда қатысты.
Жүлдені табыс ету барысында өкіл имам Мақсат Қуанышбекұлы спорт денсаулықтың кепілі екенін насихаттап, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) «Дені сау қуатты мұсылман әлсіз мұсылманнан қайырлы», – деген хадисті мысал етіп спортпен айналысуға шақырды. Бұл шараға риза болған мешіт қызметкерлері және жамағаттары осындай шараны жиі өткізіліп тұруын сұрады.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.09.2014
3145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру