Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстікте «Суицидке жол бермеу!» атты семинары өтті

08.09.2014 3503 0 пікір

10 қыркүйек Халықаралық өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау күніне орай, ОҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік қызметі жеке құрам қызметкерлерімен «Суицидке жол бермеу!» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға А.Қаттани мешітінің найб имамы Шынболат Үмбетов жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларын болдырмау, қоғамның көңілге қаяу салар келбетінен арылу, қиындыққа сабырмен қарауға дағдылану жайында уағыз айтып өтті.

Қиындыққа сабыр еткен жанның алар сауабы мен өз-өзіне қол жұмсаудың ақыреттік азабы жайлы сөз қозғап, кеселден құтылу жолы имандылықта екенін айтты.

Кездесуге қатысқан терапевт-дәрігер Аташева Күмісай, ҚАД аға инспекторы Жүсіпов Құрлан, полиция аға лейтенанты, психолог Өтебаев Сәкен және тыңдаушы топ имамға деген ризашылығын білдіріп, кейінгі уақытта жиі кездесіп тұруға ықыластарын білдірді.

А. Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру