Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағиптарға қамқорлық жасалды

08.09.2014 3551 0 пікір

Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешіті, «Зекет» қоры өкілдігі және Сандықтау аудандық орталық мешіті бастамасымен Көкшетау қаласындағы зағиптар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл жолы оларға  ет және ұн салынған пакеттер таратылды.

«Зекет» қорының өкілі Ерболат Шәріпов исламдағы қайырымдылық жайлы уағыз айтса, Сандықтау ауданының имамы Кенжебай мұқтаж адамдарға көмек көрсету абзал іс екенін және мұндай ізгілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап көрсетті.

Ал, зағиптар қоғамының төрағасы Дүйсенбай Ақышев барша зағиптар атынан өзінің алғысын жолдады. Ол осының алдында ғана мешіттің азық-түлікпен көмек көрсеткенін де ағынан жарыла айтты.

Бұл да мұсылманшылықтың жақсы іске жанашыр болатын айқын бір мысалы дер едік. Ең бастысы, жаны жүдеген жандарға қол ұшын бергеннен артық ештеңе жоқ шығар.

Бақыт СМАҒҰЛ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру