ҚМДБ-ныңтөрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» деп жариялаған биылғы жылында оңтүстік өңірі айтарлықтай жұмыстар атқаруда.
Қалалық А.Қаттани мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың ұйымдастыруымен биылғы оқу жылында қала бойынша 28 жоғарғы оқу орны, 18 колледж, жүзден аса орта мектептерге қарқынды түрде жаңа бағытпен жұмыс басталды.
Осы жұмыстарды қолға ала отырып, облысымыздың іргелі оқу орындарының бірі, Республикамыздың үшінші оқу орны саналатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде студент жастармен «Керағар діни ағымдар және дін мен дәстүр сабақтастығы» атты тақырыпта семинар өтті. Семинарда теріс пиғылды діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу мәселелері сөз болды. Оған А.Қаттани мешітінің найб имамы Амантай Садиев қатысып, жиналған жастарға керағар ағымдардың зияны мен кесірін түсіндіріп, дініміз бен дәстүріміздің байланысын сөз етті. Жиын соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
А.Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.09.2014
3199
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру