ҚМДБ-ның Қызылорда олбысына қарасты барлық аудан және қала имамдары орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ай-сайынғы кезекті жиналыста бас қосты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ай- сайынғы кезекті жиналысында «Құрбан айт» мерекесіне дайындық мәселесі жөнінде бір қатар өзекті ойлар сарапқа салынып және де ҚМДБ тарапынан келген тапсырмалар мен хаттар қаралды.
1. Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап елімізде Қаржы және мүлікті заңдастыру науқанының басталғаны белгілі. Осы науқанды тиімді пайдалана отырып, Өздеріңізге қатысты мешіттердің мемлекеттік акт алмаған жерлері мен мүліктерін заңдастыруларыңызды сұраймыз.
2. Қайырымдылық игі іс шараларыңызды есебімен қоса баяндаңыздар.
3. Жоғары орта және арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталуына байланысты кездесулерді көбейту.
4. Сауат ашу курсын жандандыру.
5. Өздеріңіздің ҚМДБ-на қарасты барлық облыстарда орналасқан медресселерге жіберген шәкірттердің жағдайын, хал ақуалын ай-сайын қадағалап отыру.
6. БАҚ құралдарын тиімді пайдалана отырып ай-сайын жергілікті газет журналдарға мақалалар жариялау.
7. ҚМДБ және өкілдік тарапынан жолданған тапсырмаларды дер кезінде және уақытылы орындап отырыңыздар.
Осылайша Өкіл имам өңірімізге қарасты барша имамдарға нық тапсырмалар беріп, алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәлелердің бірі «Жаназадағы ысырапшылдық», «Жанұя жарасымдылығы» турасында аудан және қалада кең көлемді конференциялар ұйымдастыруды жіті тапсырды.
Ай сайын имамдарымыз бас қосып, өзгеге үлгі болатындай мәселлерді талқыға салып жатыр. Осыған орай бұл кездесу Аллаһ тағаланың тарапынан қолдаутауып, халқымызға игі болуын тілейміз!
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
баспасөз хатшысы
Маханбетжан Әйгерім
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.09.2014
3235
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру