Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам жаңаөзендіктермен жүздесті

08.09.2014 2897 0 пікір

Маңғыстау облыстық мешітінің бас имамы С.Сейтбеков Жаңаөзен қаласына барып, ондағы қалалық мешіттің жамағатымен кездесті. Өкіл имам қазіргі таңдағы күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелердің бірі жат ағымдардың ықпалы мен зардабы, дәстүрлі дініміздің өркен жаюына әрбір қазақстандықтың қосар үлесі  турасында уағыз насихат айтылды.

Жаңаөзен мешітінің жамағаты имам уағызын ұйып тыңдап, өздерінің мешіт тарапынан әрдайым рухани қолдауға ие екендерін, жамағатпен бірге намаз оқып, Құран сабағы, сауат ашу дәрістеріне үзбей қатысып жүргендерін айтты.

Өкіл имам С.Сейтбеков мешіт жамағатының сауалдарына жауап беріп, Жаңаөзенде кездесулер мен уағыз насихат жұмыстары кешенді түрде жүргізіле беретіндігін жеткізді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру