Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Танымал теологтың тағылымды уағызы

08.09.2014 3091 0 пікір

Кешегі күндей күркіреген Кеңес дәуірі келмеске кетіп, Қазақ халқы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, сонымен бірге төл дініміз, дәстүріміз және тілімізбен қауышқан еді. Соның ішінде ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келе жатқан ата дініміз – Исламмен қайта қауышқан болатын.

Еліміздің әр аймағында күмбездері көкпен таласқан мешіттер ашылып, халық тасқын судай ағылды. Қазіргі таңда еліміздіе жамағаттар арасына жік салып жүрген кейбір топтар да пайда болды. Солардың алдын-алу мақсатында құзіретті орындар тиісті шараларын қолданып жатыр. Сол игі шаралардың бірі  қасиетті Жұма күні Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінде болып өтті. Аталмыш шараға ауыл әкімі Ғ.Т.Әбішев, «Кең-өзек» селолық  округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Дүйсебаев, ауыл ақсақалдары, құзырлы орындардың  өкілдері қатысты.

Жұма намазынан бұрын басталған шараны ауыл әкімі Ғ.Т.Әбішев ашып, сөз тізгінін аталмыш шараға арнайы шақыртылған қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің найб имамы, елімізге танымал теолог-ұстаз Қанат Жұмағұлға берді. Теолог өз уағызында бүгінгі таңда жамағаттар арасына жік салып жүрген кейбір топтардың бет перделерін сыпырып, аят-хадиспен, өмірлік нақты мысалдармен дәлелдеп берді. Мәселенің мәнісін тереңнен қозғаған теолог – Қанат Жұмағұлдың уағыз-насихатын барлық жамағат ұйып тыңдады. Жұма соңында мешіт имамы Мақсат Рахметұлы, елімізге танымал теолог-Қанат Жұмағұлға, теологты мешітімізге арнайы жіберген ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлына ерекше алғысын білдірді. 

«Мәулімберген» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру