Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды

06.09.2014 3942 0 пікір

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

 «Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын», - деп көрсетілген Елбасы қол қойған Жарлықта. 

Сондай-ақ құжатта Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру, Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен Мемлекеттік комиссияның құрамын бекіту тапсырмасы берілген. 

 

bnews.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру