Қазақ тойының сценарийін өзгертетін кез келді. Шымкентке отбасы күні мерекесіне орай арнайы келген жазушы, салт-дәстүрді насихаттаушы Зейнеп Ахметова "Ұзатылар қыздың гүл лақтыруы – дәстүрімізде жоқ", - деді.
Қазақтың батыры — Бауыржан Момышұлының келіні өз салтымыздан жерініп, өзгенікіне жерік болып жүргендерге сабақ болар тәлім айтты. Ұлт жанашыры өзгелерден үйренген өрескел қателігімізді жоюдың өзіндік жолдары жайлы тұщымды ойларымен бөлісті деп хабарлайды Отырар телеарнасы.
Батыр Бауыржан Момышұлының келіні алдымен атасының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Құран бағыштады. Салт-дәстүр, тәрбиеге қатысты жазған еңбектерін енді Зейнеп Ахметова ғаламтор арқылы жастар арасында таратуды жоспарлап отыр. «Ұлттық тәрбиені ұрпақтың санасына сіңіріп, жастардың жүрегіне жеткізудің жолы осы. Әйтпесе, ұзатылар қыздың үкіні сіңлілеріне беретін әдемі дәстүрін құрбыларына гүл лақтырумен алмастыруы әдетке айналып барады. Ата-бабамыз қалдырған ұлттық мұраны жалғастыру өз қолымызда», – дейді жазушы.
Зейнеп Ахметова сондай-ақ, ер жігіттер тәрбиесіне қатысты да өмірден өз түйгенін айтып берді. Батыр Бауыржан Момышұлындай тұлғаның келіні болуы өзінің тәрбиелі ұл өсіруіне ықпал еткенін де жасырмады. Мағыналы әңгіменің кімге болса да ұнары анық. Сол секілді, тапжылмай тыңдап отырған жастар бүгінгі кездесуден алғанымыз мол дейді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.09.2014
3827
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру