Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда «Мектепке жол» науқаны жалғасын тапты

05.09.2014 3282 0 пікір

Орал қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде бір топ кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға материалдық қолдау көрсету, жаңа оқу жылына дайындықтарын жеңілдету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі: «ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы «Мектепке жол» атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы жариялағалы жер-жерлерде мешіттердің қолдауымен игі бастама жалғасын тауып жатқандығын және бүгінгінің бүлдіршіні ертеңгі ел азаматы екендігін ескеріп, жасөспірімдерге жіті назар аударылуда», – деді.

БҚО ішкі саясат басқармасы, Азаматтық альянс жастары және ҚМДБ өкілдігінің бастамасымен өткен шараға «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі тұрғындары қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларға өз қуаныштарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.

Орал қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру