ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» науқаны биылғы жылы Атырау өңірінде айтарлықтай қолға алынды. Өткен айда атыраулық 150 отбасының мектеп жасындағы балаларына «Иманғали» мешіті тарапынан оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілген-ді. Өтініш иелері мұнымен де толастамаған болатын.
Ата-аналардың өтініштерін қараусыз қалдырмаған өңірдің өкіл имамы Батыржан Мансұров 4-қыркүйек күні «Иманғали» орталық мешітінде жалғасын тапқан «Мектепке жол» қайырымдылық шарасына өзі қатысып, балаларға мектеп формалары мен құрал-жабдықтарды табыс етті. Ата-аналарға елдің болашағы болған балаларының жақсы білім алуына тілегін жеткізді. Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, жалғызбасты және көп балалы жанұяларға мешітпен қатар тұрақты жамағат тарапынан да көмек көрсетілді.
Жаны жабырқаған ата-аналар өз кезегінде қол ұшын созған азаматтарға алғысын айтып, ризашылықтарын жеткізді. Аталмыш акция өңірімізде қыркүйек айының соңына дейін жалғасын табатын болады.
Атырау облысы,
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.09.2014
3222
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру