Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам үмметі бір адамға көбейді

04.09.2014 3947 0 пікір

Соңғы жылдары Алланың хақ діні болған ислам дінін өзге дін өкілдері көп қабылдау үстінде. Бүгін де соның куәгері болдық. Алматы орталық мешітінде Балла Татьяна Михаиловна деген орыс ұлтты қыз баласы ислам дінін қабылдады.

Бүгінде 23 жасар Татьянаның өміріне тоқталатын болсақ, оның балалық шағы балалар үйінде бастау алды. Одан кейін оны қазақ отбасы асырап алады. Татьянаны қатты жақсы көрген Зада әжесі, оның есімін қазақша Тәния деп ауыстырады. Қазақ әжесі Зада Тәнияны бауырына басып, ислам дінімен өсіреді. Балалар үйінен келген соң түнде көп шошынып оянады екен, сол кезде әжесі дұғалар айтып ұйықтатады. Ұйықтар алдында Бисмилла деп жатқызады екен. Сөйтіп Тәнияның ұйқысы тыныш болып, әжесінің бауырында және Алланың қамқорлығында өзін рахат сезінеді екен. Алайда әжесі қайтыс болған соң, оны қатты сағынған Тәния, мен әжем ұстанған дінді ұстанамын деп, өгей ата-анасынан мешітке апаруын өтінеді.

Бүгін Тәнияның жүзінде күлкі, ауызында кәлима, басында мұсылман шәлісі, ол мұсылман болғандығына өте қуанышты. «Алланың бар екеніне сенемін, Ол менің қамқоршым екеніне де сенемін. Енді мұсылман болған соң, үйге барып, бой дәрет алып, балалық барлық еркеліктерімді қойып, Алладан әжем үшін истиғфар тілеймін», – дейді. Ниетің қабыл болсын Тәния! 

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру