2014 жылдың қыркүйек айының 2-6 күндері аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында орналасқан «Үшқоңыр» медресесінің қыздар бөлімінің ғимаратында «Алматы облыстық деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету» қоғамдық қоры орталығы мен Алматы облысы, Алматы өңірінің өкілдігі бірлесе отырып, Алматы аймағына қарасты қала, аудан, ауыл имамдарына арналған семинар өткізілуде.
Бұл семинардың мақсаты: Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялауына орай, асыл дініміз бен төл дәстүріміздің сабақтастығын арттырып, негізсіз жат ағымдардың ел ішіндегі теріс әрекеттерінен сақтандыру. Діннің тазалығы мен елдің ынтымақтастығын сақтауға бағытталған шараларды белсенді атқаруға сапалы білім беру. Имам-молдалардың түсініктері мен саналарын жан-жақты кеңейту. Дәріс оқып, имамдардың білімі мен түсініктерін шыңдайтын мамандар: теология ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдинеті университетінің аға оқытушысы М.И.Паттеев, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдинеті университетінің аға оқытушысы Қ.Құрманбаев және өкіл имам Ә.Қ.Аташов.
Жалпы дәрістер ақида, фиқһ, хадис салаларынан және сұрақ-жауап түрінде өтуде. Алла Тағала елімізде дініміз үшін ықыласпен қызмет жасайтын білімді де білікті имамдардың көп болуын нәсіп етсін.
Облыстық «Қарасай батыр» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.09.2014
3397
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру