Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республика көлемінде өткізіп жатқан «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Өскемен өңірінің мешіттері өз үлестерін қосуда. Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер, мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтыған мектеп оқушыларына уақытында материалдық қолдау көрсету, жаңа оқу жылына дайындықтарын жеңілдету мақсатында осы қайырымдылық шаралары өткізілді.
Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бастамасымен мектепке қажетті оқушы сөмкесі және құрал-жабдықтар таратылды. Бұл қатарда Ұлан ауданы, «Мұса баба» мешіті мен «Шемонайха аудандық мешіті» белсенді атсалысты. Онымен қоса, мектеп формасы, аяқ киім тарту етілді. Ата-аналар бұл акцияны ұйымдастырушыларға шексіз қуаныштары мен ризашылықтарын айтты.
Өскемен орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.09.2014
3330
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру