Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қалалық мешіттің күмбезі жаңартылды

04.09.2014 3538 0 пікір

Степногорск қаласы облыс орталығы Көкшетау қаласынан кейінгі облыстық маңызы бар қала болып саналады және экономикалық әлеуеті жағынан облыстық деңгейде маңызды орын алатын өнеркәсіптік аймақ екені баршаға мәлім. Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының нәтижесінде соңғы жылдары қалада жергілікті ұлт өкілдерінің саны күрт өсіп, халықтың айтарлықтай үлесін алып отыр. Қалаға қарасты елдімекендерді қоса есептегенде халқының саны 60 мыңнан асатын аймақта 30 жуық ұлт өкілдері өмір сүреді. Тұрғындардың жартысына жуығы Мұсылман дінін ұстанады. Осыған орай 2007 жылы жалпы сыйымдылығы 700 адамға арналған мешіттің жаңа ғимараты пайдалануға беріліп, мұсылман қауымының игілігі үшін қызмет атқаруда.

Степногорск қаласының Паң Нұрмағамбет мешітінің ауласын көркейту, мешіт ғимаратын тиісті жағдайда ұстау үшін бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғимарат төбесі қайта жабылды, аулаға тас төселді. Сонымен қатар мешіт салынған уақытта орнатылған күмбездің ескіруіне байланысты биыл мешіттің күмбезі жаңартылды. Күмбез түсті металдан сәулетті етіп жасалды. Осы атқарылған жұмыстардың барлығы мешіт қаражаты және тұрғындардың ерікті көмек көрсетуі нәтижесінде жүзеге асырылды.  

Тұрғындар арасында ислам дінін кеңінен насихаттап, қоғамдағы кейбір келеңсіз құбылыстардың алдын алуға, жат қылықтарға бой алдырмау үшін жастардың арасында ислам дінінің құндылықтарын насихаттау, ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, адалдық пен тазалыққа тәрбиелейтін мешіт ғимаратының сыртқы келбеті ішкі мазмұнына сай келуі тиіс.   

Науан Хазрет мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру