Қазақстан Қажылар Қауымдастығы Павлодар облысы филиалынан қасиетті Рамазан айы аяқталған күннен бастап биылғы жылы қажылыққа баруға ниет етушілердің тізімін анықтап, олардың басын қосып, апта сайын 2 рет арнайы семинарлар ұйымдастырылып келеді. Семинар барысында ниет етушілердің әрбірінің жеке басының жан-жақты дайындықтарымен қатар қасиетті парыздарын орындау барысында атқаратын барлық діни рәсімдерінен толық мағлұматтар беріліп, дайындық сабақтары жүргізілуде.
Бұл игі іске қалалық Қажылар Қауымдастығының төрайымы Рымтай қажы Сапарбекқызы және Ғабиден қажы Әбишаев, Тұяқ қажы Иманқұлдар бастамашы болып келеді.
Биыл да Павлодар қаласынан әртүрлі қажылық компаниялар арқылы көптеген адамдар қажылық парызын орындауға баратын болады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.09.2014
3786
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру