Көкшетау қаласындағы «Ғалым» атындағы мешітке қарапайым жамағат «Жигули» жеңіл көлігін сый ретінде ұсынды. Ол адам өзінің аты–жөнін атап көрсетуді жөн көрмепті. Бұл да шариғаттағы оң қолмен берген садақаңды сол қолың көрмесін деген даналықты да еске салады.
Мешіттің бас имамы Нұрлан Әбенұлы көлік сыйлаған мүмінге өзінің шынайы ризашылығын білдіреді. Алланың үйіне қарасып, қазіргі қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беретін қайырымды жандар аз емес. Есімін ел білмесе де, оның бұл игі ісі Алланың шапағатына бөленіп, ақырет күні мол сауап арқаласын дегіміз келеді.
Науан Хазрет мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.09.2014
3565
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру