Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жезқазған аймақтық мешіттері тарапынан «Мектепке жол» акциясы үлкен қолдауға ие

02.09.2014 3996 0 пікір

ҚМДБ-ның Бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы «Мектепке жол» аты дәстүрлі қайырымдылық акциясын жариялағалы жер-жерлерде мешіттердің қолдауымен игі бастама жалғасын туып жатыр.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Атап айтқанда Жанабергенова Ұлжалғас, Құлатаева Гүлмира және Елеусизова Айкүмістің  отбасыларына 100 000 теңге көлемінде мектеп құрал – жабдықтары, мектепке киетін толық киім-кешектері мен аяқ-киімдерін алып берілді. Жалғыз басты аналармен тәрбиелеп отырған әжелері өз ризашылықтарын білдіріп, қуаныштан көздеріне жас алды.

ҚМДБ-ның  Жезқазған аймағы бойынша
баспасөз қызметі

 

Жезді кентіндегі «Мектепке жол» акциясы

Жезқазған аймағына қарасты Жезді кенті мешітінің бас имамы Жалбыр Дәулет, мешіт алқасының төрағасы Серік Абушахманұлы, мешіттің уақытша ұстаздық қызметін атқарушы Райбай Елдос Мырзатайұлы, бір топ демеушілер Қайырбеков Бауыржан Төкенұлы, Жанболатова Балжан Маратқызы, Айдарбеков Елдар Бауыржанұлы, Думан Сыздықов қайрымдылық.Осы кісілермен бірлесе отырып аралас мектеп интернатына көп балалы,жағдайы төмен отбасыларына мектеп құралдарымен демеушілік жасады.

ҚМДБ-ның  Жезқазған аймағы бойынша
Жезді кентінің мешіті

 

 

«Мектепке Жол» акциясы Кенгір ауылы мешітінде өтті

Биылғы жылы Жезқазған аймағына қарасты Кенгір ауыл мешітінің имамы Естауов Медеттің ұйымдастыруымен "Мектепке Жол"-акцясы аясында ауыл мешітінде Кенгір, Талап, Қорғанбай, Теректі, Түйемойнақ ауылдары мен Жезқазған қалалары мектеп оқушыларына сумкалар, сабақ құралдары, көйлектер, костюм-шалбарлар т\б оқу заттарын таратқан болатын. Аталмыш іс-шараға бас-аяғы 55бала қамтылып, М.А.Тулекбаев, Қ.А.Қапенов, Б.Е.Дауренбаева, М.Е.Дауренбаева, Г.М.Алтыбай, М.М.Жалелова, А.М.Жалелова, "Тойбастар", "Ғалым" дүкендерінің иелерінің демеушілік көмегімен жалпы сомасы 400 000мың тенге жұмсалған болатын. 

ҚМДБ, Жезқазған аймағы, 
Кенгір ауылы мешіті

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру