1 қыркүйек - білім күніне орай орталық мешітте Алматы қалалық мешіттердің сауат ашу курстарының ұстаздарының алқалы жиыны болып өтті.
Жиын төралқалары ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, Алматы қаласының Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы, Алматы қаласы дін істері басқармасының басшысы Нұржан Жапарқұл мырза жиылған ұстаздарға бүгінгі таңдағы өскелең ұрпаққа білім берудің маңыздылығы жөнінде сөз қозғады. Мешіт имамдарының да ұстаздардан қалыспай ұстаздық етіп, өз артынан кем дегенде 5 шәкірт тәрбиелеуі туралы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ жиын барысында алдағы оқу жылында сауат ашу курсына келуші жамағатқа не бере аламыз? – деген тақырыпта ұсыныстар мен жоспарлар талқыланды.
Алматы қаласының сауат ашу курстары түрлі салада қызметтер көрсетіп келеді. Олардың арасында мылқау, зағип, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курстар, Құран үйретудің жылдамдатылған әдістемесі, ағылшын тілі, тігін курстарын атап өтуге болады. Алайда атқарылар жұмыс мұнымен таусылмақ емес. Әр қилы ағымдарды көріп шатасқан отандастар да мешіттен білім алып, төл дініміздің дұрыс бағытын тапқысы келеді. Осы орайда ұстаздардың мешіттің өзге жұмыстарына көміліп қалмай, тек ұстаздық саласына бүтіндей ат салысуының маңыздылығын тақырып еткен алқалы жиыннан қатысушылар сан сұрақтарына жауап алып, пайдалы ой түйіп қайтты деген сенімдеміз.
Алматы орталық мешітінің
бапасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.09.2014
3990
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру