Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда «Мектепке жол» акциясы өтті

02.09.2014 3023 0 пікір

Серікхан Рымханұлы өңірімізге келгелі, қаншама келелі істің атқарылып келе жатқанына халық куә. Осындай ізгіліктің бірі ретінде, Талдықорған қаласынның орталық мешітінде, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға материалдық қолдау көрсету, жаңа оқу жылына дайындықтарын жеңілдету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Мешіттің жанында игілікті істің шеті көрінсе жар құлағы жастыққа тимей жүгіріп жүретін, өңіріміздегі «Зекет қорының» өкілі Серік ағамыздың да дін ісіне қосып келе жатқан үлесі зор. «Зекет қоры» бұл шарадан да қалыс қалмады.

Талдықорған қаласында тұратын біршама оқушыға тиісті оқу құралдары мен мектеп сөмкесі тарту етілді. Сонымен қатар, мектеп формасы, аяқ киім мен қатар басқа да керек-жарақтар тарту етілді.

Ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларға өз қуаныштарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызыметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру