ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде үстіміздегі жылға дейін интернет арқылы Skype жүйесін қолданып, онымен алыс аудандарға сабақтар, сұхбаттар жүргізіп, тіпті аймағымызға ат терлетіп келген РАНТ мүшелерін, қала берді дін мен ел басындағы ағаларымыз мешітке соққанда қашықтан әр аудан мешіт жамағаттарымен қауышып, сұхбат жүргізетін. Мысыр елінен білікті дінтанушы Мәлік Төлебай арнайы орталық мешітте қала имамдарының басын қосып әр дүйсенбіде дәріс жүргізетін.
Биыл отандық IDhost желісіне қосылып бұрынғыдай әр ауданмен жеке-жеке емес, бір мезетте барлық аудандармен қосыла алуға мүмкіндік алдық. Дәл осы жүйемен жақында ғана Рамазан айында Қадір түні облыс әкімі мен өкіл имамның құттықтауын тікелей аудан мешіттерінде Қадір түніне жиналған жұртшылыққа онлайн түрде ұсынған болатынбыз.
Міне жергілікті IDhost желісі арқылы бүгінде апта сайын Құптан намазының алдында барлық аудан мешіттерінің жамағатына орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстаздары мен найб имамдары кезекпен дәріс жүргізіп келеді.
Алдағы уақытта бұл жүйені тиімді пайдаланып, түрлі іс-шаралар өткізуге де пайдаланбақпыз. Имамдармен маңызды шұғыл жиналыстарды да осы жүйемен өткізіп, аудандардан ұсыныс болып жатса, жамағаттарына арнайы сұрақ-жауап күндерін белгілеп қою, аптасына бір рет әр ауданның имамы барша аудан жамағаттарына уағыз-насихаттар жүргізіп, имамдардың шыңдала түсуіне ықпал жасау жоспарланып отыр.
Алла Тағала әрбір ісімізге береке беріп, елімізді тыныш, халқымызды бейбіт, иманды өмір кешуге жазсын!
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.09.2014
3082
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру