Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тағы бір мешіт бой көтереді

02.09.2014 3300 0 пікір

Ата заң күнінде «Бұлар батыр» ауылында Алланың үйінің іргетасы қаланды. Қуанышты жағдайға арнайы түрде ҚМДБ-ның іс-басқарушысы Е.Б.Орын, ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Б.Қ.Бейсенбаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Д.Жұмабаев, ИБЖИ директоры К.Мырзабай арнайы ауданымызға ат басын тіреді.

Құрметті қонақтарды аудан әкімі Қ.Ә.Досаев, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы, ауыл имамдары, ауыл тұрғындары және мешіт салуға себепкер болып отырған И.Буларов қарсы алды. Іс-шара облыс өкіл имамы Данияр Әлимұхамедұлы қасиетті  Құран оқып, дұға жасады.

ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Б.Қ.Бейсенбаев сөз алып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Е.Малғажыұлының сәлемдемесі мен құттықтау сөзін жеткізді. «Осыншама халықтың мешіттің іргетасының қалануына жиналуы бұл имандылықтың жоғарғы деңгейдегі көрсеткіші», – деді Б.Қ.Бейсенбаев.

Қордай ауданының әкімі Қ.Ә.Досаев құттықтау сөзінде Ислам бұл мейірімділікпен бейбітшіліктің діні екендігін айтып, аталмыш мешіт сол бейбітшілікке зор үлесін қосатын рухани орталық болатынына сенімін білдірді. Құрметті қонақтар болашақ мешіттің іргетасын қалауға қатысып, шалынған құрбандыққа Данияр Әлимұхамедұлы дұға жасады.

Дін қызметкерлерінің  сапары Масаншы ауылдық «Мұсылмандар» мешітінде жалғасын тапты. Б.Қ.Бейсенбаев, Е.Б.Орын, К.Мырзабай және Д.Жұмабаев мешіт жамағатымен сұхбаттасып, мешіттің күнделікті  жұмысымен танысып өтті. Мешіт жанындағы сауат ашу курсы ғимаратының құрылысымен танысып, өз ұсыныстарын және ескертулерін жеткізді. Мешіттің құжаттарымен танысып, болашақ жоспарларды талқыға салып, дүнген ағайындарды ел мүддесіне белсенді түрде қызмет етуге шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру