Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті жұма күні өзге ұлт өкілдері Ислам дінін қабылдады

02.09.2014 3483 0 пікір

Түні де, күндізі де қасиетті болған, күндердің сұлтаны жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде үш адам Ислам дінін қабылдады.

Кастнер ұлты неміс Алена Эдуардовна, армиан ұлтының өкілі Оганян Саида Альбертовна және бір үнді жігіті куәгерлердің қатысуымен тілдерін кәлимаға келтіріп хақ-исламды қабылдады. Алена Эдуардовна өз қалауымен азан айтқызып, Әлия деп қазақша ат қойғызды.

Мешіттің найб имамы Мамлюк Асханұлы Ислам дінін қабылдаушы азаматтарға ислам құндылықтары жайында қысқаша түсінік беріп, оларды бұдан былайғы жерде тақуа мұсылмандардан болуға насихаттады. Мешіт атынан дайындалған сыйлық кітаптарды тарту етіп, бауырластық ниетпен олардың мұсылманшылық қадамдарына сәттілік тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру