Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

02.09.2014 3716 0 пікір

Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы «Мектепке жол» аты дәстүрлі қайырымдылық акциясын жариялаған болатын. Алматы Орталық мешітінің бастауымен жылда өтетін бұл іс-шара, осы жылы да жалғасын тапты.  

Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына, білім жолындағы бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық шаралары Алматы қаласында  жиі өткізілуде. Тамыз айы басталысымен Алматы қаласындағы барлық мешіттер бұл қайырымдылық шараны өткізуге атсалысты. Бұл игі шараларда тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасыларынан шыққан және жетім 897 балаға мектеп формалары және мектепке қажет құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер берілді. «Мектепке жол» атты қайырымдылық шара тек мешіттерде ғана емес, сонымен қатар саябақтарда, алыс шалғай ауылдар да өткізілді. Атап айтқанда, Алматы облысы Сарыбастау ауылында және «Фэмили» саябағында.

Тамыз айы бойы жалғасын тапқан қайырымдылық шара бүгін мәресіне жетіп, Алматы орталық мешітінде «fattah education» компаниясымен біріге отырып өтті. Игі шараны Алматы қаласының Бас имамы сөз алып, ашып берді: «Қайырымдылық ізгілік пен имандылықтың, мейірімділіктің іс жүзіндегі    көрінісі»-деп, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мұндай сауапты істің қоғамдағы маңыздылығын айтты. Қайырымдылық шараға қатысқан отбасылар да мешіт атынан жасалған бұл қамқорлыққа өздерінің алғыстарын білдірді.         

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы. Алла Тағала Құран Кәрімде «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят), Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін жұмыс істегендер Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – дейді.

Алла Тағала баршамызға осындай сауапқа кенелуімізді нәсіп етсін! Әмин! 

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру