ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіттер бірігіп тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау үшін «Мектепке жол» акциялық науқан өтті.
Балалардың қуанышына сепеб болған бұл науқанда қала бойынша 110 оқушыға мектеп құралдары таратылса, Қазалы ауданында 60, Арал ауданында 40, Сырдария ауданында 15 оқушыға және басқа да аудандарда осындай игілікті акция жасалып, болашағымыздың жарқын кепілі болған көптеген жағдайы төмен оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартылды.
Алла Тағала болашағымызды жарқын, жастарымызды білімде озат, ал істе істерін берекелі еткей. Әмин!
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.09.2014
3437
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру