Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда 150 отбасы шаттыққа бөленді

30.08.2014 3213 0 пікір

Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешіті тарапынан жаны жабырқаған отбасыларға көмек ретінде бастау алған "Мектепке жол" қайырымдылық науқаны  өз жалғасын таба түсті.

Атап айтқанда, қасиетті жұмаға келген тамыздың 29-жұлдызында мешітке келіп өтініш берген көңілі құлазыңқы жандарға, яғни 40 жанұяның балаларына мектеп формасы мен қажетті құрал-саймандар ұсынылды. Мұнан өзге тамыздың 28-і күні қаламыздың №24, №27 орта мектептерінде білім алатын әлеуеті қиын 40 балаға да мектепке қажетті оқу-құралдар табысталды. Аталған қайырымдылық шараларға «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев өзі қатысып оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. 

"Иманғали" орталық мешіті жомарт жанды азаматтардың және мешіт жамағатының көрсеткен көмегі аясында "Мектепке жол" науқаны шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы аналар мен асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандардың балаларына  мектепке қажетті киімдер, сөмке-жабдықтарын сыйға тартты. Жалпы саны 150 отбасының балаларын қамтыған қайырымды шарада ата-аналар мен ұстаздар тарапы «Иманғали» орталық мешітінің ұжымына, өңірдің өкіл имамы Батыржан Берденұлына алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін қызметкерлеріне атқарылар негізгі төрт бағыттық жұмысты айқындап берген-ді. Соның бірі халық арасында қайырымдылық шараларын жиі өткізу. Міне «Мектепке жол» қайырымдылық шараға Атырау өңірінің өкілдігі де хал-қадірінше үлесін косу үстінде. Жоғарыда аталған игі істер осының бір парасы деуге болады. Алдағы кезеңде де мешіт тарапынан көптеген қайырымды шаралар онан әрі жалғасын таба болады.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру