Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесіне орай «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қызметкерлерімен «Конституция – діни тұрақтылық кепілі» Жас ұрпақ тәрбиесіндегі діннің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге облыстық «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов, Дін істері басқармасының ақпараттық-талдау орталығының маманы Аман Уразов, Атырау облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы Б.Шамұрат, және «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов Ислам діні мен қазақтың салт-дәстүрлерін бөліп қарауға болмайтындығын, дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екендігін айта келе, адамды көркем кемелдікке жетелейтін имандылық пен инабаттылық тәрбиесі туралы хадистерден мысал келтіре баяндады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тұрғындарды жат ағымдардың таралуын ескерту мен одан сақтану бойынша ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды басты құрал деп атап өтті. Сонымен қатар, банк қызметкерлері тарапынан қойылған: «Намаз оқымайтын адамның ұстаған оразасы қабыл бола ма?», «Сапарға шыққан уақытта жолда кездескен аталар мазарына тоқтап, Құран оқу міндет пе?», «Адам дүние салғаннан кейін үш, жеті, қырық, жүз күндік қаделерін өткізу шариғат бойынша мақұлдана ма?» - деген сауалдарына имам Өсімхан Тілеуов тұщымды жауаптарын берді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.08.2014
3993
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру