Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

29.08.2014 3321 0 пікір

Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің ұйымдастыруымен «Мекетпке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Облыс имам орынбасары М.Естеміров пен облыстық жастар ісі бөліміне жауапты Т.Дәрібаевтар жергілікті кәсіпкер азаматтарды тартып, мұрындық болды.

Шара барысында мектеп жасындағы көмекке зәру 51 балаға қайырымдылық іс жасалды. Балаларға мектеп формасы мен  қатар, барлық қажетті заттар алынды.

Қайырымдылық көмектің әр балаға шаққандағы құны 15000 (он бес) мың теңге көлемінде болды.

Шара аясында облыс имам орынбасары М.Естеміров уағыз айтып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұстанған төрт бағыты бойынша қайырымдылық шаралары өз жалғасын таба беретіндігін айтып өтті.         

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру