Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғ. ШОЙКИН: 55 сайтқа тосқауыл қойылды

29.08.2014 3363 0 пікір

Интернет кеңістігінде діни-экстремистік және лаңкестік көріністердің таралуын шектеу бағытында 5 мыңға жуық сайтқа дінтану сараптамасы жүргізіп, 177 материалға теріс қорытынды берген Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің жетекшілігмен  55 сайттың Қазақстан аумағында таратылуына сотпен тосқауыл қойылған. Қалғандары сот органдарының қарауында деген комитет төрағасы Ғалым Шойкин: "Елімізде дінтану сараптамасын жүргізудің толыққанды жүйесі қалыптастырылды және ол теріс сипаттағы діни әдебиеттердің елімізге таралуына айтарлықтай тосқауыл қойды. Жарты жылда барлығы 1322 нысанға дінтану сараптамасы жүргізіліп, 25 нысанға теріс қорытынды берілді" дейді. Ол сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мәселелерді интернет арқылы жеткізу құралы ретінде құрылған "E-islam" ақпараттық ағартушылық порталының жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын да тілге тиек етті. 

E-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру