Алатау ауданына қарасты мүгедектер қоғамының құрылғанына биыл 5 жыл толуына орай, тамыз айының 27-жұлдызында Алатау ауданында орналасқан «Республикалық мектеп-интернат» колледжінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ауданаралық спартакиада өткізілді. Әр ауданнан 10-12 мүгедек спортшылар қатысып, олар стол тенисі, шахмат, арқан тарту, тоғыз құмалақ секілді спорт түрлерінен сынға түсті.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткен игі шараға Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің Бас имамы Орынбасар қажы Дәуренбеков арнайы қатысып, қатысушыларға Бас мүфти хазіретіміздің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді. «Біздер дін азаматтары тек қана спорттық іс-шараға демеушілік жасап қана қоймай жалпы мұқтаж жандардың бәріне қолғабыс көрсетуіміз қажет», – деген Бас имам он екі мүшесі сау жандарға үлгі болатын осындай жарыстарды көптеп ұйымдастырудың қоғамдағы маңызын атап өтті.
Жарыс қортындысы бойынша бірінші орынды Жетісу ауданы, екінші орынды Медеу ауданы үшінші орынды Түркісіб ауданы спортшылары иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітіннің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2014
3559
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру