Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Деструктивті ағымдар халқымыздың қасіреті

28.08.2014 4367 0 пікір

Ағымдағы жылғы 27 тамыз күні Атырау қаласының УГ-157/11 әйелдер колониясында жазасын өтеушілерге «Деструктивті ағымдар халқымыздың қасіреті» атты кездесу өтті.

Мақсаты - түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында деструктивтік діни ағымдардың таралуын алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру.

Аталған шараға «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Отызбаев Қайырбек, Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Мусаев Қаһарман, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директор орынбасары Аташев Айбек, теолог Алпысбаев Ерғали, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Даулетов Ризабек, Атырау қаласының УГ-157/11 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Байменов Ерлан, УГ-157/11 әйелдер колониясында жазасын өтеушілер және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуді Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Р.Ғ.Даулетов ашып, келген қонақтарды таныстырды.

Кездесу барысында сөз алған наиб имам Қ.Отызбаев: «ҚМДБ-ның ұстанып отырған бағыты еліміздің ынтымағын нығайтып, бірлігін арттыру. Өзіміз дінді дұрыс білмейінше, деструктивті ағымдарға қарсы тұра алмаймыз. Сондықтан да діни мағлұмат алар кезде арнайы бекітілген дін мамандарынан, теологтардан кеңес алуға шақырамын», — деп атап өтті. Сондай-ақ ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұл саладағы басты тапсырмаларын да тілге тиек етті. Облыстық Дін істері басқармасының бас маманы Қ.Мусаев: «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктері туралы» Заңы қабылданғанын және сол заңның діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өткенін, сонымен қатар Ислам бағытындағы Әбу Ханифа мазһабына басым бағыт берілгендігін атады. Қор директорының орынбасары А.Аташев  дін мәселесі өте нәзік әрі күрделі тақырып екенін және деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы – ақпараттан­дыру екеніне тоқталды.

Аталған келелі кездесуге 210 жазасын өтеушілер қатысып, олар дін мамандары тарапынан деструктивті ағымдардан қалай сақтану жөнінде мағлұматтар ала білді.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру