Тамыз айының алғашқы күндерінен басталған «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық науқанына Елорда мешіттері өз үлестерін қосуда.
Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер, мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтыған мектеп оқушыларына уақытында материалдық қолдау көрсету, жаңа оқу жылына дайындықтарын жеңілдету мақсатында Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шара аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданында тұратын 100 оқушыға тиісті оқу құралдары мен мектеп сумкасын тарту етілді. Сонымен қатар, мектеп формасын алу үшін әр оқушыға 7000 тг көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. Осының нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж көптеген балалар жаңа оқу жылына даярлықпен баратын болды.
Аталмыш шараға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Діни бірлестіктермен, миссионерлермен және теологиялық оқу орындарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Альмуханов Нурдаулет мен "Нұр Астана" орталық мешітінің найб имамы Рамазанов Нұрлан арнайы қатысып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті.
Балалар мен ата-аналар мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірсе, Бас имам Жұманазар Садырханов бүлдіршіндерді мешіттен қол үзбей иман нәрімен сусындап, «Мәңгілік елдің» білімді де, парасатты азаматтары болуға шақырды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.08.2014
3628
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру