Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешітте күрделі жөндеу басталды

27.08.2014 3482 0 пікір

Павлодар облысы үшін «Мәшһүр Жүсіп» мешіті тек имандылық ордасы ғана емес,  үлкен рухани-мәдени орталық. Сондай-ақ қала көркіне сән беріп тұрған, иісі мұсылман халықтарының көзайымына айналған, киелі ғимарат.  Сонымен қатар мұсылман баласының  барлығы да келіп Жаратушы Алла Тағлаға құлшылық-ғибадат жасайтын қасиетті дініміздің  облысымыздағы бас ордасы. 

Аталмыш ғимарат қала орталығындағы ең бір қолайлы орынға, яғни қала қақпасы болған темір жол және автожол бекеттеріне таяу, қаланың бас даңғылының бойында орналасқандықтан қала тұрғындары мен қала қонақтарының көзіне ең алдымен «Мәшһүр Жүсіп» мешіті шалынады. Қалаға алғаш келген немесе әрі-бері өтіп жатқан мыңдаған жолаушылар мен саяхатшылардың көзі ғана емес көңілін де жаулап мешітімізге бір рет болса да кіріп-шықпай, қызықтамай өтпейтін ғажайып үлгідегі таңсық мекен.  Ғаламтор беттеріне көз жүгіртсеңіз, мешітіміз архитектуралық тұрғыда «Әлемдегі ең үздік 10 мешіттің» қатарында.

«Қасиетті Рамазан айында облыс әкімі ұйымдастырған ауызашарда мешітімізде жүрілетін күрделі жөндеу, мешіттің жөндеуден кейінгі ішкі келбетінің өзгерістері туралы халыққа таныстырған болатын. Содан бері барлық дайындықтар жасалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Құрылысшылар мешіттің  46 метр биік күмбезінің ішкі қасбетін толығымен ұлттық ою-нақыштармен қоса аят, хадистермен әрлеп, неке бөлмесін де арнайы жоба бойынша әшекейлейді.

Сонымен қатар,  мешіттің сырты, ауласы, кіреберісі және барлық құбырлары мен дәрет алатын орындар да толығымен жөндеуден өтетін болады», – дейді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру