Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қасиетті Ұлытау жерінде Хабар телеарнасына берген экслюзивті сұхбатында дін мәселесі жөнінде айтылған пікірді қолдап Қазақстан Семей телеарнасына сұхбат берді.
Өкіл имам Елбасымыздың әр айтқан асыл сөздеріне талдау жасап кеңіне насихаттады. Атап айтқанда: Елбасымыздың Діннің негізгі үндейтіні – имандылыққа баулу, Отанды қорғау, Құранның қасиеттерін орындау және қайырымдылық мәселелері – кемтарларға көмек көрсету, бауырмалшыл болу, үлкенді сыйлау, елді бірлікке шақыру деген сияқты қасиеттер болса, осы қасиеттер мемлекеттің тұтастығы мен өркендеуіне арналса, онда діннің мемлекетке үлкен пайдасы, қамқорлығы болады.
Елбасы осылайша діннің мемлекетті нығайтудағы пайдасына тоқталды. Өз сөзінде ол: «Міне, осындай өзіміздің мұсылман дінін, ислам дінін құрметтеуіміз керек», – деген сөздерінің әр қайсына жеке-жеке тоқталып анықтама беріп өтті.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.08.2014
3131
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру