Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мектепке жол» науқаны Павлодарда

26.08.2014 3024 0 пікір

Тамыз айының алғашқы күндерінен басталған «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық науқанына орай әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытында материалдық қолдау көрсету, жаңа оқу жылына оқушылардың дайындықтарын жеңілдету қатарлы қайырымдылық шараларға  Павлодар облысына қарасты барлық ауыл, аудан, қалалық мешіттер өз үлесін қосуда. Осының нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж көптеген балалар жаңа оқу жылына даярлықпен баратын болды.

Тамыз айының 25-і дүйсенбі күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен  мектеп жасындағы жас бүлдіршіндерге оқу құралдары сыйлыққа берілді.

Бас имам Нариман Ермекұлы өз сөзінде: «ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің нұсқауы бойынша республика көлемінде жүріліп жатқан бұл науқанға біздің облысымыздағы мешіттер де үлес қосуда. Мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасып тұратын болады», - деді.

Балалар мен ата-аналар мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын айтып, жақсылыққа, мейірімділікке шақыратын  жиынды Бас имам да бүлдіршіндерге мешіттен қол үзбей имандылық білім алып, еліміздің жақсы азаматтары болып өсіп жетілуді тілеген жақсы батасымен аяқтады. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру