Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Һибатулла Тарази» медресесі шәкірттер қабылдады

25.08.2014 3233 0 пікір

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесінде биылғы оқу жылына қабылданатын шәкірттер  емтихан тапсырды. Сынақ тапсыруға облыс көлеміндегі аудандардан  21 шәкірт қатысты.

Осы шәкіртерден емтихан қабылдау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы және оқу-ағарту бөлімінің референті Марат Жапбасбай мырза арнайы келді.

«Һибатулла Тарази» медресесі ер балаларды имам хатиб мамандығы бойынша  жаңа оқу жылына қабылдайды.  Медреседе барлық жағдай жасалған, компьютер сыныбымен  жабдықталған. Жатақханасы бар. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар гуманитарлық сабақтар да енгізілген. Шәкірттерге сапалы білім беретін ұстаздар мен  24 сағат бақылауда ұстайтын тәрбиешілер қызмет атқарады. Медресе асханасында күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Шәкірттердің сынақтан мүдірмей өтуіне және медреседен сапалы білім алып шығуына тілектеспіз!

«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру